Аймақтар • Бүгін, 14:30

Атырауда «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 467 әйел сәби сүйді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында 2021-2025 жылдар аралығында «Аңсаған сәби» бағдарламасына жүгінген 467 әйел сәбиін өмірге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 467 әйел сәби сүйді

Фото: ашық дереккөз

Алайда жыл сайын аталған бағдарламамен сәби сүйген әйелдер санының азайғаны байқалады. Мәселен, 2021 жылы 154, 2022 жылы 131, 2023 жылы 98, ал 2024 жылы 84 әйел ана бақытына бөленген.

«Былтыр «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ процедурасынан өткен 44 әйелдің жүктілігі тіркелді. Қазір бағдарламаға қатысқан әйелдердің көпшілігі дәрігерлердің тұрақты бақылауымен емдеу мен оңалту кезеңінен өтіп жатыр», деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 780 бала дүниеге келгенін жазғанбыз.

«Аңсаған сәби» бағдарламасының игілігі

Соңғы жаңалықтар