Фото: ашық дереккөз
Forbes деректеріне сүйенген 2026 жылғы инфографикаға сәйкес, әлемдегі ең бай адам ретінде Илон Маск тіркелді. Оның дәулеті 714,2 млрд долларды құрап, тарихта алғаш рет бір адам 700 млрд доллар межесінен асты. 2020 жылы әлемдегі ең бай адам Джефф Безос еді, ол кезде оның байлығы 145 млрд доллар болған. Қазір Масктың капиталы сол көрсеткіштен бес есе жоғары.
Илон Масктың байлығы алты жыл ішінде шамамен отыз есе өсті. Оның негізгі табыс көздерінің бірі SpaceX компаниясындағы үлесі. Бұл пакеттің қазіргі құны 366 млрд долларға бағаланып отыр. Компанияның нарықтық бағасы қазірдің өзінде 800 млрд доллар шамасында. Егер 2026 жылы SpaceX акцияларын биржаға шығару жүзеге асса, капитализациясы 1,5 трлн долларға дейін өсуі мүмкін.
Екінші орында Google компаниясының негізін қалаушы Ларри Пейдж тұр. Оның байлығы 257,7 млрд долларға жеткен. 2025 жылы Alphabet акциялары 63 пайызға қымбаттап, Пейдждің жеке капиталы айтарлықтай артқан.
Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг 162,5 млрд доллармен әлемдегі сегізінші орынға жайғасқан. Соңғы жеті жылда Nvidia акциялары 4 200 пайыздан астам өсіп, Хуангты ең жылдам байыған миллиардерлердің қатарына қосты.
Ал Билл Гейтстің жағдайы өзгеше. 2020 жылы ол әлемдегі екінші ең бай адам болған. Қазір 18-орынға түсті. Оның байлығы осы кезеңде көп өзгерген жоқ. Бұған Гейтстің ондаған миллиард долларды Билл мен Мелинда Гейтс қоры арқылы қайырымдылыққа бағыттауы себеп болды.