Қазақстан • 13 Қаңтар, 2026

Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Henley & Partners компаниясы 2026 жылға арналған паспорттар рейтингін жариялады. Зерттеуде 199 елдің төлқұжаты қамтылған. Негізгі өлшем визасыз баруға болатын мемлекеттердің саны, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан былтырғы 65-орыннан 61-орынға жоғарылады. Қазір ел азаматтары 78 мемлекетке визасыз кіре алады. Өткен жылы бұл көрсеткіште 77 ел болған. Осы нәтижемен Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр.

Паспорт пен жеке куәлік терминал арқылы да беріледі

Рейтингтің ең жоғары сатысында Сингапур тұр. Оның азаматтары 192 елге визасыз бара алады. Одан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея келеді, әрқайсысы 188 елге жол ашады. Ал Дания, Люксембург, Испания, Швеция және Швейцария тұрғындары 186 елге визасыз кіре алады.

Визасы бар ескі паспорт жарамсыз болып қала ма?

Тізімнің соңында Ауғанстан орналасқан. Бұл елдің паспорты небәрі 24 мемлекетке еркін кіруге мүмкіндік береді.

Henley & Partners мұндай рейтингті 20 жылдан бері жасап келеді. Қазақстан азаматтары визасыз бағыттардың толық тізімін Egov порталы арқылы тексере алады.

Елімізде биыл паспортты рәсімдеу қызметі қымбаттайды