Фото: depositphotos.com/VitalikRadko
Ал аталған төлем әр килограмына кемінде 1 еуродан төмен болмауы тиіс.
Тауарды баж салығынсыз алғыңыз келсе, оның құны 200 еуродан төмен болуы тиіс.
Көлік пен жекелеген тауар санаттарына арнайы тарифтер белгіленген.
Толық кедендік декларацияны талап ететін заттар қатарында медициналық жиһаздар, ойын автоматтары мен жанып кету қаупі жоғары қозғалтқыш орнатылған тауарлар бар.
Ал қару-жарақ, оқ-дәрілер, қазба жануарлардың сүйектері, қауіпті қалдықтарды алу, жеткізу үшін арнайы әкелу рұқсат қағазы талап етіледі.
Сондықтан сатып алушы баж салығын төлегісі келмесе тауар құны мен салмағын жіті тексеру қажет.
Еліміз маркетплейстердегі тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеу ережесін реттеуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ маркетплейстерде «Қазақстанда жасалған» деп аталатын арнайы бөлім ашылады.