BilimClass – электрондық журналы мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және аналитика құралдарын ұсынады. Ата-аналар мен оқушылар BilimClass мобильді қосымшасын тегін пайдаланады. Қосымша сабақ кестесі, сабаққа қатысу, оқу үлгерімі мен үй тапсырмалары туралы толық ақпарат беріледі. Педагогтер үшін платформада күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, қашықтан сабақ өткізу мүмкіндігі, өз сабақтарын жүктеу, интерактивті тапсырмалар, БЖБ/ТЖБ каталогы, чат және оқушылармен кері байланыс құралдары қолжетімді.

Платформаға көшу оқу үдерісіне әсер етпеуі үшін арнайы қысқы демалыс кезеңінде жүргізілді. Осы уақытта мұғалімдер жүйемен жұмыс істеу бойынша арнайы оқудан өтті.
Қазіргі таңда BilimClass жүйесін еліміздің 11 өңіріндегі 2,5 миллион оқушы мен 350 мыңға жуық мұғалім пайдаланып отыр. Атап айтқанда, платформа Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысында қолданыста. Платформаны әзірлеуші – Bilim Group IT холдингі. Мектептерге BilimClass платформасымен қатар, осы Bilim Group компаниясының басқа да өнімдері (BilimLand, OnlineMektep, BilimKids, iTest, BilimUstaz, Kitap.kz және SmartNation) ұсынылады. Олардың қатарында ҰБТ-ға дайындалуға көмектесетін iTest онлайн-тренажері, бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тіліндегі iMektep видеосабақтар платформасы, сондай-ақ ТМД аумағындағы ең ірі цифрлық білім беру контент қоры саналатын BilimLand те бар.