Оңал Ботайұлы 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
Ішкі істер органындағы қызметін 1998 жылы бастаған. Әр жылдары аға инспектор, полиция полкі командирінің орынбасары қызметін атқарған. Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшысы, Алматы облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары, 2019 жылдың қазан айынан көліктегі полиция департаментінің бастығы болған.
2022 жылғы қарашадан бері Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді. Оған 2021 жылғы полиция генерал-майоры арнаулы шені берілген.
Бұған дейін Атырау облыстық полиция департаментін басқарған Нұрхат Оразбаев Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.