Ғалам ғажаптары • Кеше

Логикасы мықты

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

CES 2026 көрмесінде «NVIDIA» автономды көлік технологияларындағы жағдайды логикалық тұрғыда талдай алатын жасанды интеллектіні таныстырды.

Логикасы мықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

«Alpamayo» деп аталатын ашық ЖИ-модельдер топтамасы көліктің қозғалыс траекториясын есептеп қана қоймайды, жол жүру бағытын неге сүйеніп таңдағанын түсіндіріп береді. Яғни жүйе «көрдім – бұрылдым» деңгейінен «түсіндім – сараладым – шештім» сатысына өткен. «NVIDIA»-ның түсіндіруінше, «Alpamayo» қиын жағдайларда ойлана отырып шешім қабылдайды. Жаңа ЖИ-мен жабдықталған алғашқы сериялық көлік – Mercedes-Benz CLA. Автокөлік биыл нарыққа шығады.

 

Соңғы жаңалықтар