Жәдігер • 10 Қаңтар, 2026

Екі ғасыр бұрынғы қазақ әйелінің бейнесі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1803 жылы Лондонда жарық көрген «Ресей империясының киім мәдениеті» атты кітапты В.Миллер бастаған автор­лар әзірлеген. Бұл – сол кезде империя құрамында өмір сүрген әртүрлі халықтардың киім-кешек мәдениетін Батыс әлеміне таныстыруды мақсат еткен құнды еңбек.

Екі ғасыр бұрынғы қазақ әйелінің бейнесі

Осында қазақ халқы туралы:

«Бұл халықтың жүріс-тұрысында, мәдениетінде де өзгешелік бар деп айтылып келеді. Бұны олардың әйелдеріне қарата айтуға болады. Қазақ әйелдері ақылмен ел басқару ісіне де араласа алады. Сонымен қатар олар күйеулері жортуылдан оралғанда барым­таға әкелген күңдерге де аса жанашырлық танытады. Қазақ әйелдері отбасында ер адамнан қоқан-лоқы көрсе, төркініне кетіп қалуға бейім тұрады. Олардың күнделікті жұмысы ретінде мал бағу, тері илеу, жүннен киім тігу секілді шар­уаларды айта аламыз. Қазақ халқының дастарқаны мол. Олар үшін еттің майы мен сары майды жұта салу қиынға соқпайды. Барлық басқа татарлар сияқты, бұл халық та насыбайға тым әуес, сонымен қатар оның ұнтақ түрін тұтынады. Өйткені ондай насыбай адамның басына тез әсер етеді» деген дерек жазылған.

Соңғы жаңалықтар

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50