Фото: CTS
Оқу Астана қаласында өтіп, 4 айға дейін созылады. Оқу кезеңінде жұмыс аптасы 5 күнді құрайды. Ал жұмысқа кіріскеннен кейін 5 күндік немесе лауазымға байланысты белгіленетін ауысымдық кесте қолданылады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- жоғары немесе орта арнаулы білім (көлік, машина жасау, инженерлік немесе техникалық мамандықтар, электротехника немесе соған ұқсас бағыттар);
- мамандығы бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі.
CTS компаниясының баспасөз қызметі жалақы мөлшері үміткерлермен жеке тәртіпте келісілетінін атап өтті.
Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп-ұстау қызметіне қажет мамандар:
- ғимараттар мен күзет аймағын күтіп-ұстау жөніндегі менеджер;
- күзетілетін аймақтың аға инспекторы;
- ғимараттарды жөндеу шебері.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметіндегі бос орындар:
- техникалық жүйелер жөніндегі менеджер;
- сапа жөніндегі менеджер;
- өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер.
Мүлікті басқару бөлімінде:
- қойма менеджері;
- әкімшілік басқару жөніндегі менеджер;
- қойма шаруашылығының технигі.
Кешенді басқару бөлімінде:
- бөлім басшысы;
- кешенді және оқу басқару жөніндегі менеджер;
- өндіріс жөніндегі менеджер;
- экономика жөніндегі менеджер;
- әкімшілік басқару жөніндегі менеджер;
- әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі менеджер;
- нысандар мен жабдықтарды басқару жөніндегі менеджер;
- станция ауысымының жетекшісі;
- станция кезекшісі;
- қауіпсіздік жөніндегі менеджер;
- сапа жөніндегі менеджер;
- өндіріс диспетчері.
Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімінде:
- өндіріс диспетчері;
- техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу жөніндегі слесарь;
- жоспарлы жөндеу жөніндегі слесарь;
- жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь.
Поездық бригадалар бөлімінде:
- қозғалыс диспетчері;
- жол техникасының аға машинисі;
- жол техникасының машинисі.
Басқару жүйелері мен байланыс қызметінде:
- қауіпсіздік жөніндегі менеджер;
- байланыс шебері;
- сигнализация шебері;
- сигнализация технигі.
Электромеханикалық қызметте:
- жөндеу шебері;
- жөндеу слесары.
Электржөндеу қызметінде:
- энергетик;
- электрмонтер.
Жолдар мен құрылыстарды пайдалану қызметінде:
- жол монтері (обходшы);
- көпір желісінің монтері.
Түйіндемелер компанияның ресми сайты арқылы қабылданады.
Айта кетейік, 2025 жылғы қараша айында CTS ауысым жетекшілері, станция кезекшілері, диспетчерлер, техниктер және электрмонтерлер үшін де бос жұмыс орындарын жариялаған болатын.