Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Шымбұлаққа күн сайын 15 мыңнан астам демалушы келеді. Тау-шаңғы трассаларының күрделілігі мен туристер ағынын ескерсек, төтенше жағдайға жедел әрекет ету шешуші мәнге ие.
Жаңа бөлімше «3 in 1» қағидатымен жұмыс істейді. Оның құрамына кәсіби өрт сөндірушілер, құтқарушы-альпинистер және Апат медицинасы орталығының дәрігерлері кірген.
«Мұндағы басты міндет – кәсіби құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ету. Азаматтар мен туристердің қауіпсіздігі – жұмысымыздың негізгі басымдығы», деді Шыңғыс Әрінов.
Екі қабатты кешен толық автономды. Онда жеке жылу торабы, техникаларға арналған бокстар, медициналық блок және оқу сыныптары бар. Ғимарат қатал таулы климатқа бейімделіп салынған.
Құтқарушылардың қарамағында биік таулы жағдайға лайықталған алты арнайы техника бар. Атап айтқанда, қарда жүретін көліктер мен мотовездеходтар, квадроциклдер, өрт сөндіру автоцистернасы және жедел медициналық жәрдем көлігі.
Бұған дейін қысқы маусымға арналған ең үздік туристік нысандарды атаған едік.