Фото: Polisia.kz
Полицейлер Бәйдібек ауданы ауылдарының бірінде 3 бас сиырды ұрлау фактісін анықтаған. Күдіктілер ұрланған малды Ордабасы ауданы тұрғынына сатып үлгерген екен.
Polisia.kz сайтының хабарлауынша, бөтеннің мүлкін өткізу фактісі дрон көмегімен тіркеліп, бұл мал ұрлығының ізіне тез шығуға мүмкіндік берді. Сол күні күдіктілер тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталған.
Тінту кезінде олардан 6 бас мал, аңшы мылтығы және басқа заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.