Ауа райы • 07 Қаңтар, 2026

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8-10 қаңтар аралығында елдің көп бөлігі кең антициклон ықпалында болады, оның әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тек Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы және солтүстігі атмосфералық фронт ықпалына түседі, соның салдарынан жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.

Елдің солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ елдің көп бөлігін тұман басып, екпінді жел тұрады.

Республика бойынша ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

Батыс: түнде -8°…+5°, күндіз -3°…+8°

Солтүстік-батыс: түнде -5°…-20°, күндіз -8°…+1°

Солтүстік: түнде -7°…-15°, күндіз -2°…-10°

Орталық: түнде -5°…-15°, күндіз 0°…-6°

Шығыс: түнде -10°…-20°, күндіз -2°…-13°

Оңтүстік: түнде -7°…+2°, күндіз +1°…+14°

Оңтүстік-шығыс: түнде 0°…-8°, таулы аймақтарда -13°…-18°, күндіз +3°…+12°, таулы аймақтарда -3°…+2°.

Соңғы жаңалықтар