Қоғам • 07 Қаңтар, 2026

Мәдениет қайраткерлері құрметтелді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент атынан мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияларды табыс етті.

Мәдениет қайраткерлері құрметтелді

Суреттерді түсірген – Юрий БЕККЕР

Жыл сайын тағайындала­тын стипендия – мемлекеттің шы­ғар­­­машылық өкілдері­не, жас талант­­­тарға деген ерекше көңілі мен шы­найы құрметі. Әрі бұл – олар­­дың отандық мәдениетті дамы­­туға әрі халықаралық дең­гейде ілгерілетуге қосқан үле­сін мо­йындау, лайықты бағалау.

Осы жылы 75 адам мем­ле­кеттік қолдауға ие болды. Олардың қатарында Марфуға Айтқожа, Олжас Сүлейменов, Геннадий Балаев, Ақұштап Бақтыгереева, Смағұл Елубай, Шайза Ахметова, Алтыншаш Жағанова, Ғаббас Қабышұлы, Тынымбай Нұрмағанбетов, Гүлнар Салықбаева, Қайрат Байбосынов, Камилла Ли, Досхан Жолжақсынов, Нұр­ғали Нүсіпжан, Жанғали Жүзбай, Юрий Клушкин және басқалары бар. Сонымен қатар опера әншісі Мария Мудряк, театр актрисасы Алтынай Нұрбек, кино және театр актері Бәзіл Сұлтанғазы, актрисалар Самал Еслямова мен Екатерина Максим және басқа да жас таланттар мемлекеттік стипендия­мен марапатталды.

Мемлекеттің қолдау шарасы мәдениет қайраткер­лерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәдениет және өнер қайраткерлерін жүйелі қол­дау, мәдени инфрақұры­лым­ды одан әрі дамыту Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев сая­саты­ның негізгі басым­дық­тары­ның бірі екенін атап өтті. Мемлекеттік қол­дау шаралары шығармашы­­­­лық­тың өрісін кеңейтіп, ел­­дегі мәдени тұтастықты ны­­ғай­туға, халықаралық мә­­дени кеңістікте еліміздің абыройын асқақтатуға ық­­пал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15