Киіз үйдің бау-басқұры, таңғышы, үзік, туырлығы халық шебері, Амангелді ауданы, Амантоғай ауылында тұрған Зейнелғарап Өмірбекованың қолынан шыққан.
«Ал киіз үйдің өзі Сүлеймен Өмірбекұлына тиесілі екен. 1944 жылы Амангелді батырдың өмірден озғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараларда қонақ күтуге деп осы киіз үй арнайы тігілген. Сол мерекелік іс-шарада Әліби Жангелдин, Әлжан Қарабаев, Ыбырай Атамбеков секілді батырдың үзеңгілес серіктері осы үйге түскен. Бейімбет Майлин ақталған кезде де қазіргі Майлин ауданында өткен жиында Сәбит Мұқанов, Мұхаметжан Қаратаев сынды алыптар осы үйге қонақ болған», дейді музей директорының орынбасары Батырлан Сағынтаев.
Төрінде талай игі жақсы отырған көне киіз үйді Өзбекәлі Жәнібековтің өзі Зейнелғарап Өмірбековадан сұрап алып, музей қорына әкеп тапсырған.
Қостанай облысы