Президент • 06 Қаңтар, 2026

2026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды: Президент жарлыққа қол қойды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды: Президент жарлыққа қол қойды

Фото: Ақорда

«Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген Жарлық мәтінінде.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді.

Соңғы жаңалықтар