Фото: esa.int
«Алдағы жылдары жерді қашықтықтан әр түрлі түсіруші құрал-жабдықтармен жабдықталған әуелік және ғарыштық құрылғылармен бақылауға арналған кемінде 5-6 спутник шығарылады. Оның ішінде 75 миллион доллар сомасына экспорт жасау жоспарланып отыр. Бұл Қазақстан тарихында тұңғыш рет болады және еліміздің ең технологиялық экспорты болмақ», деді вице-премьер.Сондай-ақ еліміз 1 миллиард доллар болатын IT-қызметтерінің экспорт көрсеткішіне мерзімінен бір жыл бұрын қол жеткізуді көздеп отыр.
«Astana Hub – ІТ-саласының негізгі экожүйесі. Қатысушыларының саны 2000-ға дейін өсті. Олардың ішінде 25%-ы шетелдік компаниялар. Astana Hub стартаптары мен IT компаниялары қазірдің өзінде 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Ал экономикаға салынған инвестиция сомасы 900 миллион доллардан асты», деді Жаслан Мәдиев.Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысында экономиканың барлық саласына заманауи технологияларды енгізу мәселесі де талқыланды.