Ғалам ғажаптары • 06 Қаңтар, 2026

Ең қымбат жарнама

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2004 жылы «Chanel» парфюм индус­трия­сындағы ең қым­бат жарнаманы түсірген. Ком­пания 3 минутқа 33 миллион доллар жұмсаған.

Ең қымбат жарнама

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ол кезде жарнамалар әдетте 30–60 секундтан аспайтын. Ал «Chanel» алғаш рет иіс су жайында 3 минуттық қысқаметрлі көркем туынды түсіреді. Ең қызығы бұл жарнама сатылымды көбейтуді көздемеген. Онда компания брендтің философиялық мәнін ашуға тырысады. Жарнамаға сол кездегі ең танымал, сұранысқа ие актирса Николь Кидман таңдалған, бірақ онда ол жарқыраған тұлға ретінде емес, атақ-даңқтан, көпшіліктен шаршаған, шынайы сезім іздеген адам образында көрінеді. Осы арқылы адамдарға «Chanel»-ді ұмытпастай әсер қалдырады.

 

Соңғы жаңалықтар