Қоғам • 05 Қаңтар, 2026

Қызылордада Binance биржасы арқылы 603 млн теңге заңсыз айналымға түскен

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен табысты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қызылордада Binance биржасы арқылы 603 млн теңге заңсыз айналымға түскен

Фото: Acquire Licensing Rights

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.

Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты.

«Сонымен қатар, күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған. Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған», делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Екі күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар