Спорт • 05 Қаңтар, 2026

Александр Марочкин «Тобылға» қайта оралды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусымаралық үзілісті пайдалана отырып, Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген Қостанайдың «Тобылы» өз қатарын бірнеше футболшылармен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Марочкин «Тобылға» қайта оралды

Трансферлер арасында Александр Марочкиннің өз командасына қайта оралғанына баса назар аудара кеткен жөн. Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласының тумасы 2020-2023 жылдар аралығында «Тобылда» ойнады. Одан кейін Қызылорданың «Қайсары» мен «Астананың» намысын қорғады. Тасқамал қорғаушы Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында 50-ден аса ойын өткізді. Міне, енді араға біраз уақыт салып 35 жастағы Марочкин туған өлкесіне қайта оралды.

ФИФА шектеу енгізді: Қостанайдың «Тобылы» санкцияға ілікті

Сонымен қатар, «Тобыл» қақпашы Сұлтан Бұсырманов, қорғаушы Марко Вукчевич және жартылай қорғаушы Асхат Тағыбергенмен келсімшартты ұзартты. Тағы бір айта кетерлік жайт, осы команданың серкелерінің бірі, вингер Ислам Чесноков қостанайлықтармен қош айтысып, келесі маусымды Шотландияның «Хартс» клубының сапында өткізеді.       

 

Соңғы жаңалықтар