ҚХДР Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) хабарлағандай, зымыран сынағын ел басшысы Ким Чен Ын жеке өзі қадағалаған. Солтүстік Корея лидері бұл қадамды «ядролық тежеуді жоғары деңгейге жеткізу» және «өзін-өзі қорғаудың қажетті шарасы» деп атады. Ким Чен Ын әлемдегі қазіргі геосаяси дағдарыстың шабуылдаушы қару-жарақ жүйесін дамытуға мәжбүрлеп отырғанын жеткізді.
Reuters агенттігінің сарапшылары бұл сынақты Пхеньянның Вашингтонға берген сесі деп бағалайды. Корей ұлттық бірігу институтының маманы Хон Миннің айтуынша, Ким Чен Ынның «соңғы дағдарыс» туралы сөзі АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған әскери соққыларына тікелей қатысты.
Айта кетейік, бұл сынақтар Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-қа жеткізіліп, 2026 жылдың 5 қаңтарында федералды сот алдында жауап беретін сәтте орындалды. Дональд Трамп әкімшілігі Венесуэлаға қарсы жаңа әскери шараларды қолдануды жалғастыруы мүмкін.
Сонымен қатар зымыран ұшыру сәті Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мённың Қытайға сапарымен және Си Цзиньпинмен кездесуімен сәйкес келді. Бұл аймақтағы шиеленісті одан әрі арттыра түсті. Еуропалық Одақ болса, халықаралық құқықты сақтай отырып,
жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырып жатыр.