Саясат • Кеше

Венесуэла көшбасшысы бүгін сотқа тартылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Манхэттен ауданындағы федералды сотқа жеткізіледі, деп жазады Egemen.kz

Венесуэла көшбасшысы бүгін сотқа тартылады

Бұл ақпаратты АҚШ-тың NBC News телеарнасы таратты. Николас Мадуро төменгі федералды сотқа жергілікті уақытпен түскі сағат 12:00-де, Астана уақытымен 22:00-де жеткізіледі. Істі федералды судья Элвин К. Хеллерштейн қарайды.

Ал CBS News мәліметіне қарағанда, сот отырысына Венесуэла президентінің жұбайы Силия Флорес те қатыспақ.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Мадуро Нью-Йорктегі Бруклин қаласындағы тергеу изоляторына қамалған.

Бұған дейін АҚШ Венесуэла аумағында арнайы операция жүргізіп, ел астанасы Каракаста президент пен оның жұбайын ұстаған еді. Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Монро доктринасын еске салып, Америкалық құрлықтың өзге державалардың араласуына жабық аймақ екенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол АҚШ-қа қарсы әрекет ететін күштерге Венесуэладағыдай қатаң шара қолданылуы мүмкін екенін ескертті.

Ал дүйсенбі, 5 қаңтар күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Венесуэладағы ахуалға байланысты шұғыл отырыс өткізеді.

Соңғы жаңалықтар