Ауа райы • Кеше

Аяз күшейіп, дауыл соғады: синоптиктердің бүгінгі болжамы

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дүйсенбі күні ел аумағында ауа райы әр түрлі болады. Мәселен, синоптиктер елдің солтүстігінде аяз күшейіп, қар жауып, боран соғатынын айтады. Орталық аймақтарда қар аз жауғанмен, бұрқасын байқалады. Ал оңтүстікте жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Батыс өңірлерде де негізінен жауын-шашын күтілмейді, деп жазады Egemen.kz.

Аяз күшейіп, дауыл соғады: синоптиктердің бүгінгі болжамы

Қалалар бойынша болжам

  • Астана
    Аспан бұлтты, кей уақыттарда аздап қар жауады, жаяу боран соғады. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Түнде –11…–13°C, күндіз –7…–9°C.

  • Алматы
    Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде –1…–3°C, күндіз +1…+3°C.

  • Шымкент
    Ала бұлтты, жауын-шашын жоқ, кей уақытта тұман. Түнде –2…–4°C, күндіз +3…+5°C.

  • Түркістан
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Түнде –3…–5°C, күндіз +2…+4°C.

  • Қонаев
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман. Түнде –1…–3°C, күндіз +1…+3°C.

  • Талдықорған
    Ала бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман. Түнде –2…–4°C, күндіз 0…+2°C.

  • Қызылорда
    Аспан аз бұлтты, жауын-шашын жоқ. Кей жерде тұман, көктайғақ. Түнде –7…–9°C, күндіз –2…–4°C.

  • Тараз
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болуы ықтимал. Түнде –0…–2°C, күндіз +2…+4°C.

  • Ақтау
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3°C, күндіз +8…+10°C.

  • Атырау
    Ала бұлтты, жауын-шашын жоқ, кей уақытта тұман. Түнде –0…–2°C, күндіз +2…+4°C.

  • Орал
    Аспан бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ, тұман. Жел күшейеді. Түнде –3…–5°C, күндіз –1…+1°C.

  • Ақтөбе
    Аспан бұлтты. Түнде қар, көктайғақ, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран. Жел күшейеді. Түнде –7…–9°C, күндіз –0…–2°C.

  • Қарағанды
    Ала бұлтты, түнде қар, жаяу бұрқасын, кей жерде тұман. Түнде –8…–10°C, күндіз –6…–8°C.

  • Жезқазған
    Ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Түнде –9…–11°C, күндіз –6…–8°C.

  • Қостанай
    Аспан бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады, боран соғады. Тұман, жел күшейеді. Түнде –12…–14°C, күндіз –4…–6°C.

  • Көкшетау
    Ала бұлтты, таңертең және күндіз аздап қар, жаяу бұрқасын. Жел екпінді. Түнде –15…–17°C, күндіз –6…–8°C.

  • Петропавл
    Ала бұлтты, күндіз қар мен боран. Жел күшейеді. Түнде –15…–17°C, күндіз –8…–10°C.

  • Павлодар
    Ала бұлтты, түнде қар, жаяу боран. Түнде –10…–12°C, күндіз –6…–8°C.

  • Семей
    Ала бұлтты, түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ. Түнде –5…–7°C, күндіз –3…–5°C.

  • Өскемен
    Ала бұлтты, қар жауып, боран соғады, көктайғақ байқалады. Түнде де, күндіз де –2…–4°C. 

 

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен еді.

Соңғы жаңалықтар