Әлем • Кеше

Иран БҰҰ-ны Трамптың қоқан-лоққысына жауап беруге шақырды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына хат жолдап, АҚШ президенті Дональд Трамптың Тегеранға қатысты «заңсыз қоқан-лоққысын» айыптауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Иран БҰҰ-ны Трамптың қоқан-лоққысына жауап беруге шақырды

Фото: Report.az

Аl Jazeera мәліметінше, хат Трамптың Иранда жалғасып жатқан наразылық акциялары кезінде шерушілер қаза тапқан жағдайда АҚШ «ұрысқа дайын» екенін мәлімдеген сөзінен бірнеше сағат өткен соң жолданған.

Иравани БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін Трамптың «ойланбай айтылған және арандатушы мәлімдемелерін» сөзсіз әрі қатаң айыптауға шақырды. Оның айтуынша, бұл мәлімдемелер БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың өрескел бұзылуы болып саналады.

Хатта сыртқы қысым немесе әскери араласу сылтауымен ішкі тәртіпсіздіктерді қоздыру, қолдау немесе заңдастыру әрекеттері Иран Ислам Республикасының егемендігіне, саяси тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығына тікелей қол сұғу екені атап өтілген.

Сондай-ақ Иран үкіметі өз егемендігін қорғауға деген ажырамас құқығын растайтыны және бұл құқықты табанды әрі пропорционалды түрде жүзеге асыратыны айтылған.

Амир Саид Ираванидің мәлімдеуінше, аталған заңсыз қоқан-лоққылардан және кез келген кейінгі шиеленістен туындайтын салдар үшін толық жауапкершілік Америка Құрама Штаттарына жүктеледі.

Соңғы жаңалықтар