Фото: Ашық дереккөз
Жаңа жыл түні болған бұл оқиғадан кейін жас футболшы Германияның Штутгарт қаласындағы күйік шалғандарға арналған мамандандырылған ауруханаға жеткізілген.
Ойыншының агенті Кристоф Юттоның айтуынша, Тахиристің жағдайы ауыр болғанымен, дәрігерлердің алғашқы болжамына қарағанда біршама жақсару байқалады.
«Ең бастысы, дәрігерлердің күдігіне қарамастан, оны жасанды тыныс алу аппаратына қосудың қажеті болмады. Оның өкпесі өз бетінше жұмыс істеп тұр. Дегенмен, қазір нақты диагноз қоюға әлі ерте. Күйік бөліміне ауыстырылғанын ескерсек, оның физикалық жағдайы өте күрделі екенін түсінуге болады», деді агент.
Естеріңізге сала кетейік, апат салдарынан 40 адам қаза тауып, 115 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.