2025 жылдың соңында әлемде 533 журналист темір торда отыр. Бұл тізімде Қытай (143 адам) көш бастап тұр.
IFJ 1990 жылдан бері барлығы 3 173 журналистің қазасын тіркеді. IFJ статистикасына тек кәсіби міндетін атқару кезіндегі емес, сонымен қатар жазатайым оқиғадан қайтыс болған БАҚ қызметкерлері де (2025 жылы 9 адам) енген.
IFJ бас хатшысы Энтони Белланжер бұл көрсеткішті «жаһандық дабыл сигналы» деп атады. Ұйым әлемдік державаларды журналистерді нысанаға алуды тоқтатуға және 2026 жылы БАҚ қызметкерлеріне қарсы қылмыстар үшін жазасыздықты жоюға шақырды.