Қоғам • 01 Қаңтар, 2026

Қазақстан 1 қаңтардан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Қазақстанның шетелдегі мекемелері шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруді тоқтатты. ЖСН беру бойынша пилоттық жобаның мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан 1 қаңтардан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

фото: ашық дереккөз

Еліміздің Ресейдегі Елшілігінің хабарлауынша, шетел азаматтарына Қазақстанға келмей-ақ мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн түрде алуға мүмкіндік беретін eResidency бағдарламасы енгізілген. Бұл бағдарлама арқылы ЖСН бар цифрлық жеке куәлік алуға болады.

eResidency бағдарламасы шетелдіктерге Қазақстанның бизнес-мүмкіндіктері мен онлайн-сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді:

- Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар цифрлық ID-карта алу;
- Қор нарығына, криптобиржаларға, қазақстандық нөмірі бар eSIM-ге қол жеткізу;
- Электрондық цифрлық қолтаңба мен сақтандыру қызметтерін рәсімдеу;
- Қазақстандық карталарды пайдалана отырып, онлайн банк шоттарын ашу;
- Салық резиденті мәртебесін және төлем жүйелері арқылы эквайринг алу мүмкіндігі.

ЖСН алу мәселелері бойынша шетел азаматтарына ресми сайтқа жүгіну ұсынылады, онда толық ақпарат қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57