Футбол • 31 Желтоқсан, 2025

Айдын Рахымбаев «Астана» футбол клубының жаңа қожайыны ма?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубына инвестор табылғаны белгілі болды. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдын Рахымбаев «Астана» футбол клубының жаңа қожайыны ма?

Фото: ашық дереккөз

«Астана» – белгілі бір тарихы бар, еліміздің беделін халықаралық деңгейде танытқан клуб. Ол бұған дейін биіктерді бағындырып, үнемі «Спорт қоры» бірыңғай операторы арқылы қаржыландырылып келді. Биыл біз бұл клубты коммерцияландыруды жоспарлап отырмыз. Клубтың тарихы мен халықаралық мойындалуы бар екенін ескерсек, инвестор табу мәселесінде қиындық болмайды деп ойлаймын. Қазіргі уақытта бұл мәселе пысықталып жатыр. Жаңа жылдан кейін қай инвестор клубты сатып алатыны жөнінде нақтырақ ақпарат береміз», деді министр.

Ербол Мырзабосынов инвесторлар бар екенін, алайда рәсімдер толық аяқталғанға дейін олардың атын атай алмайтынын айтты.

«Инвестор бар. Сондай-ақ сіздер білетіндей, бес клуб коммерцияландырылды. Тағы бес клуб бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қалған жеті клубқа қатысты оларды қамтамасыз ете алатын инвесторларды іздеу жалғасуда», деп түсіндірді ол.

«Астана» клубын жекешелендірумен қай мемлекеттік орган айналысып жатқаны жөніндегі сұраққа министр бұл жұмыстың Федерациямен бірлесіп атқарылып жатқанын атап өтті.

«Біз бұл жұмысты Футбол федерациясымен, Туризм және спорт министрлігімен және «Спорт қоры» ұйымымен бірлесіп жүргізіп келеміз. Астана қаласының әкімдігінің бұл іске қатысы жоқ, себебі елордада «Жеңіс» клубы қазірдің өзінде жекешелендірілген», деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Шахтер» футбол клубын Тимур Турлов сатып алғаны белгілі болды. Ал елордалық «Жеңіс» футбол клубының иесі Михаил Ломтадзе атанды. Петропавл қаласының «Қызылжар» футбол клубына кәсіпкер Сергей Кан инвестор болғаны белгілі болды. Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубы TAU Group LTD компаниясының басшысы Исламғали Козбаковтың жекеменшік басқаруына ресми түрде берілді.

Соңғы жаңалықтар