Тараз гарнизонының тау қорықшылары жеке полкі аумағында орналасқан ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бастаған полк басшылығы, жеке құрамы және бірқатар Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.
Қорғаныс министрі өз сөзінде Жамбыл облысы Әлішер Қырықбайұлы, Әуесбай Көмекбайұлы, Әмір Жаңабайұлы, Мақсат Тұрарұлы, Мұхит Балмағамбетұлы, Тілеужан Қуатжанұлы және Мақсат Құрманғазыұлы сынды батырларымен мақтана алатынын атап өтті.
Оның айтуынша, бұл батырлар – өз халқына адал қызмет еткен, Отан қорғаған нағыз патриоттар. Қазақстандықтар ержүрек жауынгерлер мен Бауыржан Момышұлының ерлігін ұмытпайды. Оған Халық қаһарманы атағының берілуі – халықтың батырдың ерлігіне деген зор құрметінің айқын көрінісі.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Момышұлына Халық қаһарманы атағы беріліп, ерекше айырым белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы