Әлем • 31 Желтоқсан, 2025

Германияда бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында ел тарихындағы ең ірі банк тонауларының бірі тіркелді. Қарақшылар банк қоймасының қабырғасын бұзып кіріп, шамамен 3200 сейфтегі ақша мен қымбат заттарды алып кеткен. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 10 млн еуродан 90 млн еуроға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германияда бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалды

Фото: ашық дереккөз

DW мәліметінше, қылмыс Sparkasse банкінің бөлімшесінде болған. Қарақшылар банк сейфтері тұрған бөлме мен автотұрақтың арасындағы бетон қабырғаны бұрғылап тесіп өткен. Бұл ақпаратты полиция 30 желтоқсанда ресми түрде хабарлады.

Полиция қарақшылардың әрекетін кәсіби деңгейде ұйымдастырылған деп бағалап отыр. Куәгерлер 28 желтоқсан күні кешке автотұрақта үлкен сөмкелер көтеріп жүрген ер адамдарды көрген. Ал 29 желтоқсан күні таңертең бейнебақылау камералары автотұрақтан қара түсті Audi RS 6 көлігінің шыққанын тіркеген. Көліктің нөмірі бұған дейін Ганноверде ұрланған болып шықты.

фото

DPA дерегінше, сейфтерден қолма қол ақша, алтын және зергерлік бұйымдар алынған. Ал Associated Press шығын көлемі 10 млн еуро мен 90 млн еуро аралығында болуы мүмкін екенін хабарлады.

Sparkasse банкінің айтуынша, әрбір сейф 10 300 еуроға дейін сақтандырылған. Соған қарамастан банк алдына 29 және 30 желтоқсанда наразы клиенттер жиналған. Олардың сөзінше, жоғалған мүліктің құны сақтандыру сомасынан әлдеқайда жоғары. Жалпы алғанда бұл оқиғадан шамамен 2700 адам зардап шеккен.

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:49