Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Сиқырлы пошта

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалардың «Аяз атаға, Солтүстік полюске» деп жолдаған хаттары кейде нақты мекенжайы болмаған соң жоғалып кетуі де мүмкін. Бірақ бұл мәселені ерекше тәсілмен шешкен бір ел бар. Канада пошта қызметі Аяз атаға арнайы пошта индексін ресми түрде бекіткен.

Сиқырлы пошта

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ең қызығы, осы бір индекс Аяз атаға тән күлкіні еске салады, яғни H0H 0H0. Канада поштасында дәл осы хаттарға жауап берумен айналысатын арнайы бөлім бар. Яғни бұл – жай ғана әдемі дәстүр емес, нақты жұмыс істейтін жүйе. Сантаға келген әрбір хат назардан тыс қалмайды, оған міндетті түрде жауап жолданады. Мұндай бастама балалардың қиялын жандандырып қана қоймай, «хат жазу мәдениетін» де қызықты ойынға айналдырып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар