Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025

Атырау облысының төрт ауданына жаңа прокурор тағайындалды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурордың бұйрығымен Атырау облысына қарасты Махамбет, Жылыой, Қызылқоға және Мақат ауданының жаңа прокурорлары қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының төрт ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Махамбет ауданының проркуроры болып тағайындалған Әділет Нұрбаев еңбек жолын 2016 жылы Мақат ауданының прокуратурасында бастаған. Кейін Атырау қалалық прокуратурасында, Жылыой ауданының прокуратурасында жұмыс істеген.
Облыс прокуратурасында басқарма прокуроры, аға прокурор, облыс прокурорының аға көмекшісі, басқарма бастығының орынбасары, облыс прокуратурасының аппарат басшысы қызметін атқарған.

ермеков
Ал Еркебұлан Ермеков еңбек жолы басталған Қызылқоға ауданының прокуратурасын басқаруға жіберілді. Оның бұл салада 16 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Әр жылдары Қызылқоға ауданы прокурорының орынбасары, Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі болған. Бұдан соң табиғат қорғау прокурорының орынбасары, табиғат қорғау прокуроры, 2024 жылдан бері Жылыой ауданының прокуроры қызметін атқарды.

кеулімжай

Мақат ауданының прокуроры лауазымына Бақтияр Кеулімжай тағайындалды. Ол еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе қалалық прокуратурасында бастаған.
Бұдан соң табиғат қорғау прокурорының орынбасары, басқарма бастығы, 5 жыл Қызылқоға ауданының прокуроры қызметінде тәжірибе жинаған. Облыстық прокуратурада өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекші қызметін атқарған.

магеллан
Сондай-ақ Магилан Рахимов Жылыой ауданының прокуроры қызметін атқаратын болды. Ол 2007 жылдан бері прокуратура органдарда жұмыс істейді.Құрманғазы ауданының прокуратурасында еңбек жолын бастап, аудан прокурорының орынбасары болған. Облыстық прокуратурада шыңдалып, 5 жыл Құрманғазы ауданының прокуроры, 2024 жылдан бері Мақат ауданының прокуроры қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар