Ауа райы • 30 Желтоқсан, 2025

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 30 желтоқсан күні түнгі уақытта жауын-шашын жауып, арты көктайғаққа айналды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдардың жүру бөлігі, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп, жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау ұсынылады: көшеде қозғалған кезде, әсіресе жолдан өту барысында мұқият болу, таймайтын табаны бар аяқ киім кию және мүмкіндігінше алыс жолға шықпау қажет.

Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ескертіледі.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет.

Соңғы жаңалықтар