Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Санта-Клаустар сайысты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия астанасы Берлинде Санта-Клаус киімін киген мың­даған адам қайырымдылық үшін жүгірді. Бұл марафон жыл сайын желтоқсан айында ұйымдас­тырылып келеді.

Санта-Клаустар сайысты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Іс-шараның басты ерекшелігі – қатысушының тек жүгіріп қана қоймай, қайырымдылыққа нақты үлес қосуы. Әуесқой желаяқтар алдымен жарна төлеп, арнайы костюм сатып алады. Сол арқылы жиналған қаражаттың едәуір бөлігі игі мақсаттарға бағытталады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, түскен ақша балалардың медициналық орталықтарына көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл – мереке қарсаңында қоғам назарын қамқорлық, мейірім және бірлік құндылықтарына қайта бұратын маңызды бастама.

 

Соңғы жаңалықтар