Сурет ашық дереккөзден алынды
Оқыту бағдарламасы өндіріс, ақылды үй жүйелері, қарттарға күтім жасау және 5G негізіндегі қызметтер секілді 4 бағытқа бөлінген. Сабақ кәдімгі университеттегідей өтеді. Яғни әр топқа екі нұсқаушы бекітілген. Барлығы 110 маман роботтарға базалық дағдыны жаттатумен айналысады. Осылайша, бұл орталық роботтарды жай ғана құрастырумен шектелмей, оларды нақты өндіріске бейімдеп, адамзатқа қызмет ететін жаңа буын машиналарды қалыптастырып жатыр.