Мәдениет • 29 Желтоқсан, 2025

Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мәртебесін иеленді. Өнерпаз бұл байқауда өзінің екі бірдей туындысымен бақ сынаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды

Фото: dimashnews.com

Биыл Димаш «ÓČKO CHART» хит-шеруіне «Love Is Not Over Yet» лирикалық композициясымен және «Тау ішінде» атты әнімен ұсынылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Love Is Not Over Yet» туындысы тыңдармандардың ең көп дауысын жинап, әншіге жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, Димаш 2024 жылы Чехиядағы марапаттау рәсіміне қатысып, «Together» және «When I’ve Got You» әндерімен 2023 және 2024 жылдардың үздігі атанған еді. Содан бері оның музыкасы «Óčko» телеарнасында тұрақты түрде көрсетіліп келеді.

Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

DimashNews мәліметінше, Димаштың бұл жетістігіне әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерінің, әсіресе чехиялық «Dears» қауымдастығының белсенділігі үлкен әсер етті. Нәтижесінде бірегей көрсеткіш тіркелді: Димаш «ÓČKO CHART» тарихында дауыс беру кезеңінің барлық аптасында қатарынан жеңіске жеткен және ешкімге дес бермеген жалғыз орындаушы ретінде қалды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта әншінің Прагаға келіп, «TV Óčko» студиясында марапатты өз қолымен алғанын қалайтынын жеткізді.

Димаш Құдайберген медицина университетінің құрметті профессоры атанды

«TV Óčko» телеарнасының маркетинг директоры Михал Кржижек әртіспен жұмыс істеу тәжірибесі туралы ойымен бөлісті. Ол Димаштың кәсіби деңгейі мен адами болмысына жоғары баға берді.

«Жұлдыздың деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, оның қарапайымдылығы да соғұрлым арта түседі деген сезімдемін. «ÓČKO» арнасында бұл қағида сан мәрте дәлелденді», деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар