Фото: zamin.uz
Ол осымен үшінші рет Globe Soccer Awards нұсқасында «Таяу Шығыс елдеріндегі үздік ойыншы» болып отыр. Танымал футболшы марапаттау рәсімінде өз мансабындағы негізгі мақсатын атап өтті.
«Жылдар бойы жоғары деңгейде футбол ойнау оңай емес. Десе де әлі де жасыл алаңда жүргім келеді. Гол соғып, жүлде жеңіп алуды жалғастырамын. Мен осы жолмен жүруді тоқтатпаймын», деді Криштиану Роналду.
Сондай-ақ ол 1000 голдық межені бағындыруды көздеп жүргенін айтып, міндетті түрде символдық сан көрсеткішін еңсеретінін айтты. Бұл жолда оны отбасы, жанкүйерлері алға жетелейтінін де тілге тиек етті.
Айта кетейік, қазір Роналдудың атына 956 гол жазылған.
Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду Сауд Арабиясында кездесті