Саясат • 27 Желтоқсан, 2025

Салалық ынтымақтастық орныға түсті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары барысында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Салалық ынтымақтастық орныға түсті

Кездесу барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестіктің басым бағыттары жөнінде жан-жақты пікір алмасып, инвестициялық, өнеркә­сіп­тік өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасында машина жасау, автомобиль құрастыру, жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өңіраралық деңгейде практикалық өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді.

Бұған қоса, Қазақстан-Қытай өнер­­кәсіптік ынтымақтасты­ғы­ның орнықты серпіні мен ірі ин­дус­­­­­­триялық жобаларды жүзе­ге асы­ру­­дағы қытай компания­лары­ның ай­­тар­­лықтай тәжірибесі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бо­йынша қытайлық ком­па­ния­лардың өкілдері өзара шешім­дерді дәйекті жүзеге асыру­ға, өндіріс­тік әрі тех­ноло­­гия­лық ынтымақ­тастық­ты кеңейтуге уағдаласты.

Роман Скляр Қазақстан Үкіметі бірлескен бастамаларды кідіріссіз қолдауға әрі дамытуға, сондай-ақ оларды жүзеге асыруды үйлестіруге және жобаларды табысты орындау үшін жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.

Қазақстан – Қытай страте­гиялық әріптестігі шеңберінде металлургия, тау-кен байыту өнеркәсібі мен автомобиль өндірісі саласындағы басым жобаларды пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар