Сурет: kazpravda.kz
Өтемақы жеке оқу жоспарына және баланың үйде оқытылатынын растайтын білім ұйымының анықтамасы негізінде төленеді. Төлем оқу барысын қамтамасыз етуге байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге бағытталған. Төлем мерзімнің аяқталуына немесе балаға білім беру түрінің өзгеруіне байланысты тоқтатылады.
Қызметті пайдалану үшін:
- eGov Mobile қосымшасына кіріп, «eGov мемлекеттік қызметтері» – «Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы» бөлімін ашу;
- «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру;
- қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет;
- құжаттарды рәсімдеу мәртебесін «Қызметтер тарихы» бөлімінен тексеру қажет.
Қызмет көрсету мерзімі – мемлекеттік орган толық құжаттар пакетін тіркеген күннен бастап 8 жұмыс күні. Төлем білім ұйымы берген анықтамада көрсетілген кезеңге ғана тағайындалады, жаңа мерзімге автоматты түрде ұзартылмайды. Балаға белгіленген мүгедектік мерзімі аяқталған соң куәландыруды қайта өткізіп, өтінішті қайта рәсімдеу қажет.