Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025

Жаңа жыл түні қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа жыл мерекесінде айыппұл салынатын жағдайлар тек отшашумен шектелмейді. Мерекеде тыныштық сақтау ережесін бұзбаған жөн, әйтпесе тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаңа жыл түні қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

pixabay.com

Дәстүрлі түрде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні ел тұрғындары далада серуендеп, отшашуларды тамашалап, отбасылық басқосуларды өткізеді. Алайда елімізде жаңа жылды айыппұлсыз қарсы алу үшін қолданыстағы ережелерді естен шығармаған жөн.

Мерекеде айыппұл төлегіңіз келмесе. . . 

Көптеген қазақстандықтар отшашуды дұрыс пайдаланбағаны үшін 20-30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынатынын біледі. Бұл 1 қаңтардан бастап 86 500-129 750 теңгені құрайды. Алайда жауапкершілік тек отшашуға ғана қатысты емес.

«Крыша» порталының еске салуынша, мереке түнгі тыныштықты сақтау талаптарын жоймайды. Жұмыс күндері шуға тыйым салу уақыты – 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері – 23:00-ден 10:00-ге дейін.

Тыныштықты бұзуға қатты музыка, теледидардың дауысын қатты қою, ұрыс-керіс, жанжал, сондай-ақ фейерверк пен петардаларды ату жатады.

Ереже бұзғандарға айыппұл салынады. Полиция шағымдарды тіркеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және айқын заңбұзушылық анықталған жағдайда хаттама толтырады:

  • жеке тұлғаларға – 5 АЕК (21 625 теңге);

  • заңды тұлғаларға – 20-дан 100 АЕК-ке дейін (86 500432 500 теңге);

  • қайталап бұзған жағдайда айыппұл екі есеге көбейеді.

Мысалы, жаңа жыл түні самалдықтан салют атқан тұрғын бірден үш айыппұл төлеуі мүмкін:

  • тыныштықты бұзғаны үшін – 21 625 теңге;

  • пиротехниканы рұқсат етілмеген жерде пайдаланғаны үшін – 86 500 теңге;

  • өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін – 21 625 теңге.

Жалпы сома – 129 750 теңге (егер бұл бірінші әрі соңғы заңбұзушылық болса).

Айыппұлдан қалай құтылуға болады?

Көршілерге құрметпен қарау, шамадан тыс шуламау және фейерверктерді қауіпсіз әрі рұқсат етілген жерлерде пайдалану жеткілікті.

Қазақстанда заңсыз шырша кескендерге қандай жаза қарастырылған?

Айта кетейік, Қазақстанда пиротехниканы заңсыз сатқан сатушыларға да жауапкершілік қарастырылған. 2025 жылы тиісті құжаттарсыз пиротехникалық бұйымдарды сату үшін 98 300 теңге көлемінде айыппұл көзделген.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57