Фото: REUTERS
Түркия Бас прокуратурасының мәліметінше, олар алдымен мұсылман емес адамдар ортасында лаңкестік әрекеттерін жүзеге асыруды көздеген.
Елдегі ауқымды операция 124 мекенжай бойынша жүргізіліп, тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленген.
Қазір іске қатысты тергеу амалдары басталған. Осылайша, Түркияның құқық қорғау органдары ауқымды теракттың алдын алған.
Бұған дейін Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ әлемдік БАҚ бетінде Түркиялық депутаттар бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалғаны таспаланған бейнежазба тарады.