Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

Роботтар баулитын мектеп

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай астанасы Бейжіңде гуманоидты роботтарды даярлауға арналған елдегі ең ірі орталық жұмысын бастады. Бұл кешен «роботтар мектебі» деп аталады.

Роботтар баулитын мектеп

Сурет ашық дереккөзден алынды

Мұнда машиналар өндіріс орындары мен тұрмыстық ортаға жіберілер алдында кешенді дайындықтан өтеді. Орталықта зауыт цехтары мен тұрғын үй кеңістіктеріне ұқсас зертханалар жасалған. Осындай ортада роботтар күнделікті және өндірістік міндеттерді орындау­ды үйренеді. Атап айтқанда, оларға сәлемдемелерді сұрыптау, заттарды тасымалдау, тамақ пісіру сияқты тапсырмалар беріледі. Жобаның мақсаты – гуманоидты роботтарды өнеркәсіпке де, тұрмыстық кеңістікке де жаппай енгізу.

 

Соңғы жаңалықтар

Бішкекте бес жүлде бұйырды

Спорт • Бүгін, 19:18