Фото: olympic.kz
Отандасымыз биыл салада үздік нәтижелер көрсетіп, маусым қорытындысы бойынша 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасында 24-ші орынға тұрақтады.
Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ахмади Маханов осы маусымда Стокгольмде өткен беделді Король кубогінің «Супер» санатындағы турнирінде жекелей сында бір титул жеңіп алды.
Темірлан Анарбеков Еуропаға кете ме? Қазақ қақпашысының қай лигада ойнағаны жөн?
Сонымен қатар жұптық сайыста «Авеню кубогі», «Тим Эссон» және «Брселав Оупен» турнирлерінде үш рет топ жарды. Бұдан бөлек, ол Tennis Europe сериясындағы бір турнирдегі жекелей сында финалға дейін жетті.
Айта кетейік, бұл жыл қазақ спорты үшін табысты болды. Ел спортшылары түрлі әлемдік аренадағы сайыстарда жүлделі болып, тарихи нәтижелер тіркеді.
Сондай-ақ 2025 жылы қазақ жанкүйерлері білікті бапкерлер, жас спортшылармен қош айтысты.