Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2025

Еліміздің 13 облысында жол қозғалысы қиындайды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 желтоқсанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында жаңбыр аралас қар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 13 облысында жол қозғалысы қиындайды

Фото: Ашық дереккөз

«ҚазАвтоЖол» осыған байланысты жүргізушілерден жылдамдық режимін және қауіпсіздік ережелерін сақтауды, сондай-ақ жолдағы ауа райының нашарлауын ескеруді сұрайды.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Еске салайық, «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман және көктайғақ күтіледі. Солтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасының күрт төмендеуі байқалады.

Соңғы жаңалықтар