Ғалам ғажаптары • Кеше

Алып аққала

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Харбин – Қытайдың қысқы астанасы. Бұл қала жыл сайын ауқымды мұз мүсіндері фестивалімен танымал. Алайда биыл қала әкімдігі алып аққала қалап таңғалдырды.

Алып аққала

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қалада алып қар адамы тұрғызылды. Оның биіктігі шамамен 19 метр, яғни алты қабат үймен шамалас. Аққаланы қалауға 100 жұмысшы мен 64 мүсінші тартылып, олар 11 күн бойы тынымсыз еңбек еткен. Ұйымдастырушылар құрылыс барысын тікелей эфир арқылы көрсетіп, қала тұрғындары мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендерге жұмысты онлайн бақылауға мүмкіндік берді. Алып қар адамын жасау үшін 3,5 мың текше метр қар кеткен. Қар арнайы техниканың көмегімен дайындалған.

 

Соңғы жаңалықтар