Экономика • 24 Желтоқсан, 2025

Қазақстандықтар енді тәтті аз жейді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кондитерлік өнімдер ай сайын қымбаттап жатыр.  Жылдық есепте баға өсімі шамамен 19 пайызға жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандықтар енді тәтті аз жейді

Ең жоғары өсім солтүстік өңірлер мен ірі қалаларда байқалады. Оңтүстік облыстарда баға баяу көтерілгенімен, ол жақта да өсім 10 пайыздан төмен түспеген.

Өнім түрлері ішінде ең қатты қымбаттағаны – шоколад. Оның бағасы бір жылда 30 пайыздан астам өскен. Кәмпиттер мен зефир сияқты өзге тәттілер де айтарлықтай қымбаттаған. Карамель мен мармеладтағы өсім салыстырмалы түрде төмен.

Баға өсімімен қатар, елде тәтті өнімдер өндірісі қысқарып отыр. Биылғы жылдың 11 айында өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда азайған. Бұл нарықтағы ұсыныстың төмендеуіне және бағаның жоғарылауына ықпал етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда түнде автокөлік өртенді

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:43