Фото: istockphoto.com
Сарапшылардың пайымдауынша, қысқа мерзімді перспективада қара алтынның құны барреліне орташа есеппен 59,24 доллар деңгейінде қалып, қалыпты құбылмалылықты сақтайды.
ОПЕК ұйымы 2025 және 2026 жылдары сұраныс сәйкесінше 1,3 млн және 1,4 млн б/с-қа өседі деп отыр. Негізгі қозғаушы күш – ЭЫДҰ-ға мүше емес дамушы елдер.
Халықаралық энергетика агенттігі сұраныс өсімі айтарлықтай төмен (830-860 мың б/с) болады деп болжайды. Сонымен қатар, 2025 жылы әлемдік ұсыныс бірден 3,0 млн б/с-қа артып, нарықта мұнайдың артық мөлшері пайда болуы мүмкін екенін ескертеді.
Мұнай бағасына экономикалық факторлардан бөлек, геосаяси жағдайлар да тікелей әсер етіп отыр:
- Венесуэла блокадасы: Дональд Трамп Венесуэлаға қысымды күшейтіп, мұнай танкерлерінің еркін қозғалысын шектеді.
- Ресейдің «көлеңкелі флоты»: Еуропалық Одақ ресейлік мұнайды тасымалдайтын көлеңкелі схемалармен күресу мақсатында 9 кеме қатынасы компаниясына санкция салды.
Ұсыныстың артуы (АҚШ, Бразилия, Канада мен Аргентина есебінен) және геосаяси шиеленістер мұнай бағасын белгілі бір дәліздің ішінде ұстап тұр. AERC сарапшыларының тұжырымы бойынша, әзірге бағаның күрт секіруі немесе құлдырауы байқалмайды – нарық 59,24 доллар төңірегінде тұрақтайды.