Оқиға 23 желтоқсанда болған. Баланы қағып кеткен адам Lada X-Ray маркалы автокөлік жүргізгені мәлім болды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні құрықтады. Оның көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.
«Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.