Саясат • 24 Желтоқсан, 2025

«Alatau City» заманауи қалыпқа негізделеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының сәулеттік даму тұжырымдамасының таныстырылымына қатысты.

«Alatau City» заманауи қалыпқа негізделеді

Әлемге танымал екі компания – «Zaha Hadid Architects» және «Skidmore», «Owings & Merrill LLP» (SOM) өздерінің авторлық идеяларын ұсынды. Бұл компаниялар портфолиосында Дубайдағы Burj Khalifa, Нью-Йорктегі One World Trade Center, Бейжіңдегі Leeza SOHO сынды әйгілі биік ғимараттар бар.

Көрсетілген жобаларда Alatau City  қаласының дизайн-коды мен қаланың танымал белгісіне айналатын Iconic building жобасының нобайы таныстырылды. Ұсынылған шешімдер заманауи халықаралық сапа стандарттарын ескере отырып, тік бағыттағы құрылысты және аса биік ғимараттар салу ісін дамытуға бағдарланған.

Сондай-ақ қалалық ортаны кешен­ді түрде дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл ретте көлік инф­рақұрылымы, кіреберіс магис­тралдар, табиғи ландшафттар мен аймақтың климаттық ерекшеліктері ескерілді. Қоғамдық кеңістіктерді басым бағыт ретінде дамыту да маңызды бөлік ретінде қарастырылды.

Кездесу соңында Қанат Бозым­баев сәулет бюроларының өкіл­дері­не ұсынған идеялары үшін ал­ғыс білдіріп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар