Қоғам • Бүгін, 14:22

Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы өз аударымын көре алады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Енді отандастарымыз аталған платформа арқылы өздерінің салық аударымдарының аудандарды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы өз аударымын көре алады

Фото: alataugazeti.kz

«Біз шағын бизнестің әлеуетін барынша ашуды мақсат етіп отырмыз. Бюджеттің кіріс бөлігін жаңа салық-бюджет саясаты есебінен ұлғайту қосымша қаражатты отандық бизнесті дамытуға және қолдауға бағыттауға мүмкіндік береді. Осыны тағы да баса айтқым келеді», деді Олжас Бектенов.

«Бәйтерек» холдингіне «Атамекен» палатасымен бірлесіп, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқыту мен оларға сервистік қолдау көрсетуді ұйымдастыру тапсырылды.

Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қаралды. Бағдарлама өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде және шағын қалаларда бизнес қажеттіліктерін дер кезінде өтеуге бағытталған.

Елімізде кәсіпкерлерге арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталады.

Соңғы жаңалықтар