Әлем • Кеше

Хакерлер әлемдегі ең ірі музыкалық платформалардың бірін бұзған

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хакерлер Spotify стримингтік сервисінің музыкалық каталогына қол жеткізген. Бұл әрекет музыканттардың табысына, авторлық құқыққа, цифрлық қауіпсіздікке тікелей әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хакерлер әлемдегі ең ірі музыкалық платформалардың бірін бұзған

Фото: 24 kz

Зор көлемдегі бұзу

86 млн аудиофайл көшірілген. Жалпы көлемі – шамамен 300 терабайт. Аталған файлдар ғаламтор кеңістігінде ашық түрде әлі табылмаған.

Хакерлердің мақсаты

Музыканы тегін интернет-платформаларға жүктеуді жоспарлап отыр. Бұл авторлық құқық пен индустрия үшін үлкен қауіп төндіреді.

Spotify не дейді?

Компания деректердің тарағанын растады. Қазір ішкі тексеру мен тергеу жүргізіліп жатыр. Қолданушылардың жеке деректері зардап шеккені туралы ақпарат әзірге таралмаған.

24 kz-ің жазуынша бұл туралы мәліметтер Billboard журналына жарияланған.

Соңғы жаңалықтар